Новости
(Қазақша) 2026 жылдың 4 наурыз күні Жезқазған қаласы әкімдігінде Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – Жаңа бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, ел дамуының жаңа кезеңіндегі реформалардың рөлі туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстелге ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері және жастар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу аясында ұлттық құндылықтарды сақтау, заң үстемдігін нығайту және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Шара қорытындысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің маңыздылығын қолдап, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.



