Новости

(Қазақша) Сәтбаев қаласының жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының ұжымымен Жаңа Конституция жобасына байланысты кездесу өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Кездесу барысында қызметкерлерге алдағы республикалық референдумның маңызы, Жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі өзгерістер мен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді. Әсіресе еңбек адамының құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және заң үстемдігін нығайту мәселелері талқыланды.

 

Кәсіпорын қызметкерлері өз пікірлерін ашық білдіріп, құжаттың маңыздылығы жөнінде ойларымен бөлісті. Сонымен қатар олар еңбек ұжымдары үшін маңызды бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, елдің болашағына қатысты бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

 

Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button