Новости

(Қазақша) Ұлытау облысының әкімі «Ұлытау» футбол командасының жаттығуына қатысты

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков «Ұлытау» футбол клубының жаттығуына қатысып, команда ойыншыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы команданың алдағы матчтарға дайындығы мен ойыншылардың көңіл күйі туралы сұхбаттасты.

 

Өңір басшысы кездесуде футболшыларға сәтті ойын тілеп, маусымдағы алғашқы үй матчында жеңіс тіледі. Аталған кездесу дүйсенбі күні сағат 14:00-де Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында өтеді.

 

Өз кезегінде «Ұлытау» футбол командасының бас жаттықтырушысы ұжым атынан облыс әкіміне клубқа көрсетіп отырған қолдауы мен қойылған міндеттерді орындауға қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін алғыс білдірді.

 

Айта кетейік, биыл команда құрамында 25 ойыншы бар. Оның ішінде 12 футболшы Ұлытау облысының намысын алғаш рет қорғамақ. Алғашқы үй матчы 16 наурыз күні «Ұлытау» және «Qyziljar» командалары арасында өтеді.

 

Айта кету керек, 2026 жылы футбол клубын қолдау мақсатында қосымша демеушілер тартылып, команданың жаттығу өткізуі мен матчтарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берілді.

 

Қазіргі уақытта команда алдағы ойынға белсенді дайындалып, жанкүйерлердің қолдауына сенім артып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button