(Қазақша) Жәйрем кентінде «Конституциялық реформа – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Бүгін Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Жәйрем кентінің ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұжымымен Конституцияға енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жәйрем кенті әкімінің орынбасары Темірбай Бектемір қатысты.
Кездесу барысында республикалық референдумда қабылданған жаңартулардың мәні, олардың қоғам өміріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға тигізетін ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Конституциялық реформаның негізгі бағыттары баяндалып, заң үстемдігін нығайту мен елдің тұрақты дамуына қосар үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесу өзара пікір алмасуға мүмкіндік беріп, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етті.



