Новости

(Қазақша) Жезқазған қаласындағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай өңірдегі спорт мекемелері арасында ауқымды мерекелік сайыс ұйымдастырылды.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Іс-шара ұлттық салт-дәстүр мен спортты ұштастыра отырып, «Үздік киіз үй», «Ұлттық салт-дәстүр» және «Ұлттық спорт» бағыттары бойынша өтті. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттады.

 

Сайыстың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, салт-дәстүрлерді жаңғырту және ұлттық спорт түрлерін дамытуға серпін беру.

 

Сайыс қорытындысы бойынша:

• І орын – Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;

• ІІ орын – Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;

• ІІІ орын – Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

 

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button