(Қазақша) Ұлытау облысында «Жаңа Конституция – жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің негізі» атты жастар форумы өтті

Ұлытау облысында белсенді жастардың қатысуымен «Жаңа Конституция – жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің негізі» атты форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында Конституцияның маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық өмірдегі белсенділігін күшейту.
Форумға облыстың белсенді жастары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ ел болашағын қалыптастырудағы жастардың жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
Іс-шара аясында өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастар саясатын дамытуға үлес қосқан бірқатар жастар Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және арнайы төсбелгісімен марапатталды.



