Новости
(Қазақша) Саналы ұрпақ – мықты мемлекет.

Жасөспірімдерге арналған «Азаматтардың Конституциясы және жауапкершілігі» атты танымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңды құрметтеу, өз құқықтарын дұрыс пайдалану және азаматтық белсенділіктің маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді 🇰🇿



