Новости
(Қазақша) Сәтбаев қаласында пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу өтті.

Кездесу барысында олардың қоғамға бейімделуі, заң талаптарын сақтау және қайта құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысқан уәкілетті орган өкілдері азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жұмысқа орналасу, білім алу және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олардың қоғамға толыққанды қайта оралуына бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жеке кеңестер алды. Мұндай шаралар қайталама құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтарды қолдауға бағытталған.



