Жаңалықтар
Жаңаарқа ауданында жастармен конституциялық реформа тақырыбы аясында кездесу өтті.

Кездесу барысында қоғамдық белсенділер мен жастар өзара пікір алмасып, елде жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңыздылығын талқылады. Жастар өз ойларын ашық айтып, көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті.
Аталған шараның басты мақсаты — жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық сауаттылығын көтеру және ел болашағына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ қалыптастыру.
Осындай кездесулер жастар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ашық диалог алаңын қалыптастыруға өз үлесін қосады.



