Новости

(Қазақша) Қаражал қаласында «Конституциялық реформа – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен ақпараттық кездесу өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Қаражал қаласының мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында конституциялық жаңартулардың негізгі мәні түсіндіріліп, олардың қоғам өміріне, мемлекеттік басқару жүйесіне, құқық қорғау саласына және азаматтардың күнделікті өміріне әсері кеңінен талқыланды.

Кездесу аясында ақпараттық-түсіндіру тобы конституциялық реформалардың ел дамуындағы маңызына тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қоғамдағы ашықтық пен сенімді нығайтуға бағытталған өзгерістер жөнінде жан-жақты түсінік берілді.

Іс-шара соңында мемлекеттік қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркін форматта өткен кездесу өзара ашық диалог орнатуға, қоғамдық белсенділікті арттыруға және реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button