Новости

(Қазақша) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕР КҮНІ АЯСЫНДА «МӘДЕНИ МҰРАНЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күні аясында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шара Қорқыт ата ескерткіші аумағында өтіп, оған үкіметтік емес ұйым жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары кеңінен қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, оларды насихаттау және қоғамның осы бағыттағы жауапкершілігін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар ескерткіш маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи орындарға құрметпен қарау мәселелері кеңінен қозғалып, жастарға тағылымды ой-пікірлер айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button