ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ИНДИКАТОРЫ: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Ұлытау облысында білім беру сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Қаражал қаласы жалпы білім беретін мектебінде облыстық деңгейдегі семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи білім беру тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналды. Семинардың мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру.
Семинар аясында педагогтер оқыту үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар ұсынды. Тақырыбындағы көрме барысында мұғалімдердің шығармашылық жобалары, авторлық бағдарламалары және оқу-әдістемелік материалдары таныстырылды.
Сонымен қатар «Оқы, ойлан, қолдан – табысқа жетудің жолы» бағытында ұйымдастырылған стартап элементтері білім беру процесінде инновациялық тәсілдердің тиімділігін көрсетті. Педагогтер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған идеялар практикалық шешімдерді ортаға салды.
«Білімнен белеске, тәжірибеден табысқа» және «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің көрсеткіші» бағыттарында өткен секцияларда мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу процесін жетілдіру жолдарын талқылады.



