Новости

(Қазақша) Ұлытау облысында білім беру саласы жаңа цифрлық кезеңге нық қадам басты!

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қазіргі таңда өңір мектептерінде заманауи технологияларды енгізу арқылы білім беру жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне енгізу – уақыт талабына сай қабылданған маңызды шешімдердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, оқушылардың заманауи цифрлық дағдыларын дамыту, білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту.

Бүгінде Ұлытау облысындағы 87 білім беру ұйымында жасанды интеллект элементтері оқу процесіне белсенді енгізілуде. Атап айтқанда, Testter.kz, BilimLand, Gemini, Roqed AI және Aqyl AI секілді заманауи цифрлық платформалар оқу үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Бұл платформалар арқылы оқушылардың білім деңгейіне талдау жасалып, олардың оқу үлгерімі бақылауға алынады. Сонымен қатар, әр оқушының қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес жеке оқу траекториясы қалыптастырылып, білім беру процесі барынша тиімді ұйымдастырылуда.

Жасанды интеллект технологиялары мұғалімдерге де үлкен мүмкіндік беруде. Цифрлық жүйелер оқу материалдарын жылдам дайындауға, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауға және білім беру сапасын арттыруға көмектеседі. Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, сабақтардың мазмұны заманауи форматқа бейімделуде.

Өңірде педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде 3 547 педагог жасанды интеллект пен цифрландыру бағытында арнайы оқытудан өтті. Бұл – облыс мұғалімдерінің 66 пайыздан астамын қамтитын маңызды көрсеткіш. Оқыту барысында педагогтер цифрлық платформаларды тиімді пайдалану, онлайн ресурстармен жұмыс істеу, жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында қолдану және заманауи оқыту әдістерін енгізу бағытында білімдерін жетілдіруде.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру – білім сапасын көтерудің негізгі факторларының бірі. Осыған байланысты облыс мектептерінде жаңа технологияларды қолданатын педагогтердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасына оң әсерін тигізуде.

Интернет инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта облыстағы барлық 87 мектеп интернет желісіне толық қосылған. Бұл білім беру ұйымдарының цифрлық платформалармен тұрақты жұмыс істеуіне және оқушылардың онлайн білім ресурстарына еркін қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2025 жылы облыстағы 46 мектеп Starlink спутниктік интернет жүйесіне қосылып, жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. Бұл әсіресе шалғай ауылдық елді мекендердегі мектептер үшін маңызды жаңалық болды. Жоғары сапалы интернеттің арқасында ауыл мектептерінің оқушылары да заманауи цифрлық білім беру ресурстарын толық пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінде цифрландыру – білім беру саласындағы басты бағыттардың бірі. Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы оқу процесінің сапасы артып, білім беру жүйесінің тиімділігі күшейіп келеді. Ұлытау облысында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, мектептерді заманауи технологиялармен қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқушыларға сапалы білім беру мәселесіне басымдық берілетін болады.

Заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды кепілі. Осы орайда Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалар өңірдің білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button