(Қазақша) «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» Форумы өтті

Ұлытау облысының орталығынан шалғай орналасқан Ұлытау ауданында аудан тұрғындары, қонақтары мен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздікті арттыру және есірткі қылмысына қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» атты форум ұйымдастырылды.
Ақпараттық-ағартушылық форматта өткен шараға аудантұрғындары, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Форум барысындақатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары, дропперліксхемалардың қауіптілігі, цифрлық қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ есірткіқылмысының қоғамға тигізетін зардаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауаттыөмір салтын насихаттаумәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде арнайы қызмет өкілдері өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетті. Кинологиялық қызмет мамандарықызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтау тәсілдерін таныстырды.
Форум аясында қатысушыларға интерактивті ойындар, сұрақ-жауап алаңдары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер жастардың бойындақұқықтық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа, интернет-алаяқтыққа және есірткі қылмысына қарсы иммунитетті күшейтуге ықпал етеді.
Аталған форумды Ұлытау облысы Полиция департаменті, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексерудепартаменті, ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
Байланыс үшін: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД
Тел. 8(7102)773062, 87052156399, Айгуль



