Новости

(Қазақша) ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ӘЛЕМІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

2026 жылғы 29 мамыр күні Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Балалар әлемі» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға Ұлытау облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құрмет Есмұратұлы Саттыбаев, Ұлытау облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Қабашқызы Жұматова, сондай-ақ Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Аманқанұлы Мадбаев қатысты.

Брифинг барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру, әлеуметтік қолдау көрсету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты баяндалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлытау облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылғаны атап өтілді. Басқарманың негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Басқарма балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, құқықтық сауаттылықты арттыру және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстар жүргізу бағытында қызмет атқарады.

Спикерлер балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде балалардың өмір сүру, білім алу, денсаулығын сақтау, қауіпсіз ортада өмір сүру және өз ойын еркін білдіру құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Брифингте 2025–2026 оқу жылының қорытындылары да жарияланды. Биыл облыстың білім беру ұйымдарын 41 671 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 9-сыныпты 3 746 оқушы, 11-сыныпты 1 910 түлек тәмамдайды. «Алтын белгі» төсбелгісіне 98 түлек, ал үздік аттестатқа 156 түлек үміткер.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Облыс бойынша 1–10 сыныптарда 39 682 оқушы болса, олардың 35 679-ы жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылмақ. Жаз мезгілінде өңірде 171 сауықтыру лагері мен демалыс алаңы жұмысын бастайды. Сонымен қатар, басқа өңірлердегі қала сыртындағы лагерьлерде 3 016 баланың демалуы жоспарланған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтіледі. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, ашық терезелер мен су айдындары маңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ тұрмыстық өрттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Брифинг барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстар да сөз болды. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста мүгедектігі бар 1 098 бала тіркелген. Оларды оңалту, техникалық құралдармен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және инватакси қызметін ұсыну шаралары жүзеге асырылуда.

Спикерлер балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, ата-аналарды, білім беру ұйымдарын және қоғам өкілдерін балаларға ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button