Новости

(Қазақша) ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ШЕҢБЕР АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ  

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

🩺 Бүгін Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына Ұлытау ауданы прокурорының м.а., әділет кеңесшісі Сабит Серимбетов, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Нысамбаев, аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайрбек және ауыл ақсақалдары қатысты.

 

🩺 Жаңа медициналық пункт заманауи талаптарға сай жабдықталып, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитариялық көмекті өз елді мекенінде уақытылы алуына және денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

🩺 Айта кетейік, Ұлытау ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында бірқатар медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінде аудан бойынша 9 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 3 медициналық пункттің құрылысы аяқталып, қажетті құжаттары рәсімделіп, медициналық қызмет көрсетуге лицензия алынған.

 

🏥 Сонымен қатар, 20 төсек-орынға және бір мезетте 100 келушіге арналған жаңа Ұлытау аудандық ауруханасының құрылысы жалғасуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, нысанды ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда.

 

©️ Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button