Жаңалықтар
👨👧👦💙 ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ АКЦИЯ ӨТТІ 💙👨👧👦

📌 Әкелер күніне орай «🌿Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздарының қатысуымен «Есіңізде қалған әкеңіздің жылы сөзі…» атты әсерлі акция ұйымдастырылды.
📝 Акция барысында қатысушылар әкелерінен естіген жүрекке жақын сөздерін, өмірлік бағыт-бағдар берген ақыл-кеңестерін және ұмытылмас естеліктерін жазып, көпшілікпен бөлісті.
✨ Іс-шараның басты мақсаты – әке мәртебесін ұлықтау, отбасы құндылықтарын насихаттау және жастардың бойында үлкенге құрмет пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
💬 «Әке сөзі – өмірлік бағдар, әке тәрбиесі – ұрпаққа қалатын ең асыл мұра».
💙 Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!



