Новости
(Қазақша) Облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алған отбасы анықталды

2026 жылғы 22 шілдеде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне қатысатын отбасын анықтау мақсатында облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқауға облыс бойынша 38 отбасы қатысты. Қала және аудандық кезеңдердің қорытындысы бойынша 5 жеңімпаз отбасы облыстық іріктеу кезеңіне қатысты. Облыстық комиссияның шешімімен аталған бес отбасының ішінен 1 отбасы іріктеліп, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.



