banner
Новости

(Қазақша) «БАСТЫ ТАЛАП – ЗАҢДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қаражал қаласында «Басты талап – заңдылық» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қаражал қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Мергенбей Сембек қатысып, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

 

Кездесу барысында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты негізі екені айтылды. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік органдардың заң талаптарын орындаудағы жауапкершілігі жөнінде түсіндірме берілді.

 

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау қағидатын нығайтуға бағытталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button