banner
Жаңалықтар

Ұлытау облысының волонтерлеріне арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдау және еріктілердің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлін күшейту. Семинар барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтық жауапкершілік және волонтерлердің төтенше жағдайлар кезінде атқаратын қызметі жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұлытау облысының полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерғали Қожабеков

жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолындағы волонтерлік қызметтің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Мұндай іс-шаралар қоғамда заңға құрметті нығайтып, әр азаматтың қауіпсіз әрі жауапты орта қалыптастыруға қосатын үлесін арттыруға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button