banner
Новости

(Қазақша) Заң мен тәртіп: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа заңмен тосқауыл

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

 

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері – дене, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасаған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Істің мән-жайына қарай ескерту жасау, әкімшілік қамауға алу немесе заңда көзделген өзге де әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

 

Егер зорлық-зомбылық салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе, не өзге де қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталса, кінәлі тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғау нұсқамасын шығарып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуге құқылы.

 

Заң талаптарын сақтау – әр отбасының амандығы мен қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button