banner
Новости

(Қазақша) Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында интеллектуалдық ойын өтті

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бүгін Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау тақырыптарындағы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Командалар белсенділік танытып, тапқырлық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.

 

Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

 

#ТазаҚазақстан

Басқа жаңалықтар

Back to top button