banner
Жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ — ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Әрбір азаматтың заңға деген құрметі – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды кепілі. Заң мен тәртіп орныққан қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, адамдар өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезінеді.

 

Заңды сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, белгіленген талаптарды орындау және жауапкершілік таныту – құқықтық мәдениеттің негізгі көріністері.

 

«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың заңға деген сенімін арттыруға және қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

 

Тәртіп – күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттен басталады. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіпті бұзбау, табиғатты қорғау, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау, заң талаптарын орындау – әрқайсымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігіміз.

 

Заңға құрмет – елге құрмет.

Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның берік негізі.

 

#ЗаңМенТәртіп #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықМәдениет #ҚауіпсізҚоғам #ЖауаптыАзамат #Тәртіп

Басқа жаңалықтар

Back to top button