banner
Новости

(Қазақша) Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған «Абай және қазақ руханияты» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа Абайдың өмірі мен өнегелі ойларын таныстыру, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметті арттыру.

 

Тағылымды кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінен 25 әскери қызметші қатысты.

 

Кездесу барысында Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның философиялық ойлары мен адамгершілік қағидалары туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі білім, еңбек, ғылым, ел бірлігі және адамдық қасиеттер жөніндегі терең ойларымен танысты.

 

Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» деген тағылымды сөзі бүгінгі жас ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ақын шығармалары жастарды білімге, ізденіске, еңбекқорлыққа және елге қызмет етуге үндейді.

 

Іс-шара барысында әскери қызметшілер Абай шығармашылығына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани құндылықтар жөнінде пікір алмасты. Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің мәдени-рухани дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, ұлттық тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, білімге құштарлық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button