(Қазақша) 📚 «Кітап оқитын ұлт» — оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жоба.

Жобаны өңірлерде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Өңірлік жобалық кеңселерін құру ұсынылды. Жобалық кеңселер білім, мәдениет, жастар саясаты, спорт салаларының өкілдерімен, кітапханалармен, жоғары оқу орындарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Негізгі міндеттері — жобаны өңірде үйлестіру, іс-шараларды ұйымдастыру, халықты кеңінен қамту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Сонымен қатар, жобаны іске асыру және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында тараптар арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Аталған құжат аясында кітап оқу мәдениетін дамыту, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және жобаны өңірлерде тиімді жүзеге асыру бағытындағы өзара іс-қимыл одан әрі жалғасын табады.
📖 Оқу мәдениеті қалыптасқан қоғам — елдің зияткерлік әлеуетінің негізі.



