ҚЫЗЫЛОРДАДА ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ ӘУЛЕТІНІҢ КЕЛІНДЕРІ БІРГЕ ДАУЫС БЕРДІ

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №278 сайлау учаскесінде Сыр өңірінің даңқты диқаншысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың әулетінен тараған 9 келін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.
Ыбырай Жақаев — саналы ғұмырын елдің ауыл шаруашылығын дамытуға, жердің берекесін арттыруға арнаған еңбек адамы. Атақты диқанның өнегелі өмір жолы мен маңдай термен қалыптасқан еңбек дәстүрі бүгінде ұрпақтарына үлгі болып, кейінгі буынға елге адал қызмет етудің жарқын өнегесін көрсетіп келеді.
– «Біз, даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың келіндері, ата-бабамыздан қалған еңбек пен адалдық дәстүрін жалғастыруды өзімізге үлкен міндет санаймыз. Диқаншылық ауылдың ғана емес, тұтас елдің ырысын арттыратын қасиетті еңбек. Аталарымыздың маңдай терімен қалыптасқан еңбек жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз. Бүгін біз де ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Өйткені әр азаматтың дауысы елдің ертеңіне қосылған үлес», – деді әулет келіндері.
Әулет келіндерінің бірлесіп дауыс беруі — еңбек адамының өнегесін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және ел болашағына ортақ жауапкершілікті сезінудің жарқын көрінісі.
#ШиеліАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау



