ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: АЛДЫН АЛА МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕ

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы тұрғындарының 90,75 %-ы дауыс беріп, республикада үшінші орынға шықты.
Маңызды саяси науқанда қазақстандықтардың 9 352 151-і өз таңдауын жасаған.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі алдын ала дерегіне сәйкес 74,19% азамат дауыс берді.
Еске салайық, өңірімізде 500 591 сайлаушы тізімге енгізіліп, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарды.
Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 4 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметін атқаратын 5 онлайн учаске іске қосылды.
Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетті.
Азаматтар өз учаскесін анықтау үшін Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисіне (saylau.orda.gov.kz/ru) жүгінді.
Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы үздіксіз жұмыс істеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі



