Спорт
Trending

Қазақ көкпарының мықтылары Талдықорғанда кездеседі

1–9 мамыр аралығында Талдықорған қаласының Орталық атшабарында көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионаты өтеді. Елдің әр өңірінен жиналған 20-ға жуық команда тоғыз күн бойы чемпиондық атақ үшін тартысқа түседі, деп хабарлайды degeneken.kz.

Биылғы доданың салмағы ерекше. Өйткені чемпионат VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын ұлттық құраманы жасақтаудағы маңызды іріктеу алаңына айналмақ. Алаңда командалардың қуатымен қатар, шабандоздардың шеберлігі мен көкпар аттарының әлеуеті де сыналады.

Жетісудағы дүбірлі дода ел көкпарының бүгінгі мықтысын анықтап, халықаралық сынға шығатын үздіктерді саралайды.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button