Новости

(Қазақша) Ұлытау ауданында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өтті

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Отбасы күніне орай Ұлытау ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы ұйымдастырылды.

 

Сайысқа белсенді отбасылар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар шапшаңдық, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйде жарысты.

 

Отбасымен бірге спортпен шұғылдану – денсаулықты нығайтып қана қоймай, жанұя мүшелерін жақындастыратын жақсы дәстүр.

 

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен отбасылар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button