Новости
(Қазақша) Қазақстан трендтер қалыптастырады

2026 жылды БҰҰ халықаралық волонтерлер жылы ретінде айқындағанын атап өткен жөн, жылға бұндай жаһандық мәртебе Қазақстанның тікелей бастамасы бойынша берілді. Осындай халықаралық жылды құру туралы ұсынысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен жариялады, содан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы тиісті қарарды ресми түрде қабылдады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы отырысында Президентіміздің тағы бір бастамасы — 22 сәуірді планетаны көгалдандырудың дүниежүзілік күні деп жариялау туралы ұсыныс та іс жүзінде бірауыздан қолдау тапты. Осылайша, Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасы ел ішіндегі шеңберден шығып, жаһандық трендке айналуда. Біз мұнымен заңды түрде мақтана аламыз.



