(Қазақша) Байқоңыр қаласының әкімшілігі Каспий теңізінде қаза болған қазақстандық әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекті республикада жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осыған орай, Байқоңыр қаласының әкімшілігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
«Байқоңыр қаласының әкімшілігі мен барлық қала тұрғындары Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, олардың қайғысына ортақтасады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді.
Аза тұту белгісі ретінде Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясының мемлекеттік туларының төмен түсірілуін тапсырды», — делінген хабарламада.
#Байқоңыр #Байқоңыр қаласы



