Новости

(Қазақша) «Таза Қазақстан – сенен басталады!»

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.

 

Қала тұрғындары мен энергетика басқармасының қызметкерлері қолдарына күрек пен тырма алып, көшелерді қураған шөп пен қоқыстан тазалады. Сары жилет киген еріктілер де тазалық жұмыстарына белсене атсалысып, жиналған қоқысты арнайы қаптарға жинады.

 

Ал арнайы техника тиегіші мен Камаз көлігі жиналған қоқысты шығарып, аумақты тазалауға көмектесті.

 

Сәтбаев қаласының тұрғыны, энергетика басқармасының қызметкері Ирина Моордың айтуынша, ұжым әр бейсенбі сайын сенбілікке шығады. Өйткені туған қаланың тазалығы – әр тұрғынға ортақ жауапкершілік.

 

«Бұл біздің қаламыз. Біз осында тұрамыз. Балаларымыз бен немерелеріміз осында өсіп жатыр. Сондықтан тазалықты бірге сақтайық», – дейді Ирина Моор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button