(Қазақша) 🇰🇿🇮🇱Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

✔️Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.
✔️Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды.
✔️Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады.
✔️Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.
✔️Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
✔️Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.



