Новости

(Қазақша) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ МИНИСТРI КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау вице министрi Мұратов Тимур Мұратұлы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлымен бiрге бiр ауысымда 100 келушiге арналған емханасы бар 300 төсек орынға арналған көп бейiндi аурухана құрылысымен танысты.

 

Құрылыс қарқынын көру барысында Тимур Мұратұлы басқарма басшысы мен мердiгер мекемеге аурухананы талапқа сай, сапалы түрде уақытылы аяқтауды тапсырды.

 

Айта кетейiк, облыс тұрғындарына аса маңызды болып табылатын әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысы мен Ақмола облысында өткен Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

 

Аурухана ең заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып жобаланған.

 

Бүгінде бұл аймақтағы ең ауқымды жобалардың бірі болып табылатын жалпы ауданы 57 мың шаршы метрді құрайтын аурухана 7 гектар жерге орналасқан. Яғни бұл өңірдегі үлкен медициналық кешен болумен қатар, халықаралық стандарттарға сай аурухана болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button