Новости
(Қазақша) ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Инвестиция тарту – жаңа өндіріс орындарын ашуға, жұмыс орындарын көбейтуге және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды тетігі.
Осы бағытта бизнеске қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды.
Кәсіпкерлікті қолдау мен инвестиция тарту – ел экономикасын дамытудың және жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың берік негізі.



