Новости

(Қазақша) Өндіріс қызметкерлерімен еңбек және өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің өндірістік алаңында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

 

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Саят Әбдіғали, Сергей Ан, Гамаль Токсамбаев және Ирина Юртанова қатысты.

 

Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

 

Сонымен қатар еңбек ұжымы өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.

 

– Өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы өңір экономикасы мен жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан өндіріс қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері маңызды. Бүгінгі кездесуде жұмысшылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді талқыладық. Халықпен тікелей байланыс орнату – нақты мәселелерді анықтаудың маңызды жолы, – деді Саят Әбдіғали.

 

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button