Новости

(Қазақша) Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қарағанды облысы Абай ауданы Северное ауылындағы «Шанс» шаруа қожалығының аумағында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

 

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Айжан Қиясова, Эрем Бариев және Игорь Жабяк қатысты.

 

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауыл шаруашылығын дамыту, аграрлық сала мамандарын қолдау, шаруашылықтардың тұрақты жұмыс істеуі және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

 

Кандидаттар шаруа қожалығы қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, саладағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

 

«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Шаруалардың еңбегін қолдау және олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Ол үшін ауылдық инфрақұрылымды дамыту, шаруашылықтарға қолдау көрсету және сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет. Аграрлық саланың дамуы ауылдың өркендеуіне және ел экономикасының нығаюына тікелей ықпал етеді», – деді кандидат Эрем Бариев.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button