Новости

(Қазақша) «Көк паспортты бұрынғыдан да қадірлей бастады»: қазақстандықтар азаматтықтан сирек бас тартып жатыр

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер саны азайып келеді. Бұл туралы журналист-блогер Сырым Иткулов мәлімдеді.

 

Ол Instagram парақшасында 2019 және 2026 жылдардағы көрсеткіштерді салыстырып, қазақстандықтардың көк паспортты бұрынғыдан да жоғары бағалай бастағанын атап өтті.

 

«Қазақстандықтар көк паспортты бұрынғыдан да берік ұстап отыр. Қазақстан азаматтығынан бас тартушылар саны азайып келеді», – деп жазды Иткулов.

 

Блогердің жарияланымында келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы азаматтықтан шығуға қатысты 1700 өтініш тіркелсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 43-ке дейін төмендеген. Сонымен қатар Қазақстан азаматтығын алуға ниеттілер саны алты есе артқанын атап өтті.

 

Иткулов қазақстандық паспорттың визасыз жүру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

 

«Біздің паспортпен визасыз 80 елге баруға болады. Іс жүзінде Орталық Азиядағы ең мықты паспорт – біздікі», – деп жазды блогер.

 

Ол халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктердің кеңеюін Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметімен байланыстырды.

 

Ресми статистика нені көрсетеді?

 

Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер санының азайғаны жөніндегі деректерді бұған дейін Ақорда жариялаған.

 

Мәліметке сәйкес, 2019 жылы азаматтықтан шығуға қатысты 1,7 мың өтініш тіркелсе, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114 өтініш болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 107-ге, 2024 жылы 77-ге, 2025 жылы 68-ге дейін төмендеген.

 

Қазақстан азаматтығын кімдер алады?

 

Қазақстан азаматтығына қабылдау жөніндегі қосымша мәліметтерді Ішкі істер министрлігі жариялады.

 

Ведомствоның деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Президент Жарлығы негізінде 279 адам, ал жеңілдетілген тәртіппен 9243 адам Қазақстан азаматтығын алған. Жалпы саны – 9522 адам.

 

Олардың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алғандардың 7518-і – қандастар. Сонымен қатар 972 адам Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы келісім негізінде, тағы 710 адам «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияға сәйкес азаматтық алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button