(Қазақша) ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту және экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше басымдық берілді.
Заманауи инфрақұрылым – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың, инвестиция тартудың және халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы.
Осы бағытта Ұлытау облысында да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, инженерлік желілерді жаңарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту және елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Инфрақұрылымның дамуы жаңа өндіріс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді.
Басты мақсат – экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, өңір тұрғындары үшін қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыру.



