Новости
(Қазақша) ҰЛЫТАУДЫҢ ТАНЫМАЛ САЯХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауында ұлытаулық саяхатшы, марафоншы, шебер-ұста, «QazaqGeography» бірлестігінің мүшесі Сәрсенбай Қотырашев та өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Қазақстанның 17 өңірін жаяу аралап, мыңдаған шақырымды бағындырған Сәрсенбай Қотырашев өзінің қайсарлығымен, табандылығымен және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегімен көпшілікке үлгі болып келеді.
Егде жасына қарамастан, әлемді жаяу аралауды мақсат еткен саяхатшының өмір жолы – жігер мен төзімділіктің жарқын үлгісі.
Азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлауға қатысуы – ел өміріне бейжай қарамайтын азаматтың жауапты қадамы.



