Мәдениет

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болады

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған отшашу атылады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

“Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады.

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концерт сағат 14:00-ге дейін болады.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне “Отан ана” монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, “Даңқ” гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде болады.

9 мамырда “Солдатский котелок” ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда “АЛЖИР” мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған “Біз Жеңістің ұрпағымыз!” атты лекцияға қосылуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button